Біз туралы

2015-2016 оқу жылы Өскемен қаласы әкімдігінің «№46 орта мектебі» КММ – нде деңгейлік бағдарламаны меңгерген мұғалімдерден шығармашылық топ құрылған. Шығармашылық топ мүшелерін біріктірген бір мақсат: оқу үдерісіне жаңашыл өзгерістер енгізу арқылы жан-жақты білімді, білімді өздігінен табу жолдарын білетін , экономикасы қарқынды дамып, өзгеріп отыратын қоғамға бейімделе алатын, адамгершілік құндылықтарды ұстанатын тұлғаны дамыту. Бұл мақсатқа жетудің бір жолы, мектептің даму жоспарына өзгерістер енгізу арқылы мұғілімдердің кәсіби шеберлігін арттыру, өздерін, өзгені дамытуға ұмтылыстарының болуы.

Шығармашылық топ мүшелері:

  1. Абдугожанова Гульшат Советхановна (директордың оқу ісінің меңгерушісі, 1- деңгей , физика пәнінің жоғары санатты мұғалімі)
  2. Актанова Назым Каиргазиновна (1- деңгей ПШО тренері, химия пәнінің жоғары санатты мұғалімі)
  3. Бабатаева Шынар Мухтаровна (IT меңгерушісі, мектеп тренері, 3-деңгей , информатика пәнінің жоғары санатты мұғалімі)
  4. Токтобоянова Салтанат Камбаровна ( мектептің шығармашылық тобының жетекшісі ,1- деңгей , математика пәнінің жоғары санатты мұғалімі)
  5. Аканова Айгуль Ақанқызы(1- деңгей , орыс тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі)
  6. Бердыгужинова Раушан Толешовна ( 2- деңгей , орыс тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі)
  7. Айлыбаева Айжан Мушелбеккызы (3— деңгей , бас тауыш сыныптың бірінші санатты мұғалімі)

Үш жылғы жұмысымыздың жүйелеп, шығармашылық топ мүшелері DAMU.kz сайтын құрдық.

Сайттың ерекшелігі:

1. Мұғалімге қажет ақпараттың жүйелі орналасуы.

2.Мұғалімдерді сапалы ақпаратпен қамтамасыз ету.

3.Тәжірибе алмасуға мүмкіндік болуы.